Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Алматыда өзін прокурормын деп таныстырған алаяқ ұсталды, деп хабарлады қаладағы полиция департаментінен.
«Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адамды Бостандық аудандық Полиция басқармасы қалалық прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесе отырып, 1992 ж.т. Қалижан Қуатбекұлы Қарабаев ұсталды. Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған, соның ішінде «прокурормын» деп алдап келген», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ПД атап өткендей, ер адам осылайша көптеген адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Қазір полиция ер адамның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-47-00, 254-47-01 телефондарына хабарласуын сұрайды.
Алматыда өзін прокурормын деп таныстырған алаяқ ұсталды
