Алматыдан 130 км жерде қуаты 6 баллдық жерсілкінісі болды

Күні: 09:14, 14-11-2014.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Алматының оңтүстігінде 130 км жерде қуаты 6 баллдық жерсілкінісі болды, деп хабарлады «ҚР ғылым және білім министрлігінің ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» (СТӘЭ) мемлекеттік мекемеден.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2014 жылғы 14 қарашада Астана уақытымен 07.24.15 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстігінде 130 км қашықтықта Қазақстан аумағында орын алды», - делінген ведомство сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Жер сілкінісі Алматыда 3-4 балл болып сезілді.
Бұл ретте сейсмологтар осының алдында бір сағат бұрын Алматыдан 230 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2014 жылғы 14 қарашада Астана уақытымен 06.23.54 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстігінде 230 км қашықтықта Қазақстан аумағында орын алды
«Жер сілкінісінің магнитудасы MPV – 4.3»,- болды делінген хабарда.
Адам шығыны мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: