Алматыдан 140 ш жерде магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Алматыдан 140 ш жерде магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2019 жылғы 9 қазанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 3 сағат 49 минутта жер сілкінісі орын алған. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 140 ш қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14. Магнитудасы mpv=5,5», делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ақпаратқа қоса жалғанған картада жер сілкінісінің ошағы Алматы облысында Кеген ауданының аумағында Кеген ауылынан алыс емес жерде 10 шақырым тереңдікте орналасқаны көрсетілген. Алматы тұрғындары күші 2 балдық жер дүмпуін сезінді.
«Алматы ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органды, прокуратураны, «Қазселденқорғау» және басқа да мекемелерді хабардар етті. Полицияның патрульдік жасақтарының ақпарынша, олар бақылаған учаскелерде зақымданулар мен бұзылулар білінбеген. «Қазселденқорғау» ММ ақпарынша, гидротехникалық құрылғыларда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде деформация, шөгу мен жырықтардың пайда болуы байқалмаған», - деп хабарлады Алматы ТЖД.

adimage