Алматыдан 157 ш жерде магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Күні: 10:03, 17-10-2019.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Алматыдан 157 ш жерде магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2019 жылғы17 қазанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 06 сағат 30 минут 47 секундта (Гринвич бойынша 17 қазан 00 сағат 30 минут 47 секунд) жер сілкінісі орын алған. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 157 ш қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,5. Магнитудасы mpv=3,9», делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің координаттары 42.87° с.е. 78.78° ш.б., тереңдігі – 15 км.
Хабарда атап өтілгендей, жер сілкінісінің сезілгендігі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: