Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 118 шақырым жерде 4 баллдық жер сілкінісі болды

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 118 шақырым жерде 4 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 25 сәуірде Алматы уақытымен 00 сағат 03 минут 51 секундта жер сілкінісі тіркелді (Гринвич уақыты бойынша 24 сәуір 18 сағат 03 минут 51 секунд). Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 118 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,1 құрайды, ал магнитудасы MPV - 4,0 », - делінген жұмадағы хабарламада.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің координаттары 43.00° с.б. 78.34° ш.е., тереңдігі 25 ш.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпар жоқ.

adimage