Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде 4,7 магнитудалық жер сілкінісі болды

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде 4,7 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды қазақстандық сейсмологтар.
ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 19 сәуірде Алматы уақытымен сағат 9.55-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6 құрайды, ал магнитудасы MPV - 4,7 », - делінген жұмадағы хабарламада.
Жер сілкінісінің эпицентрі 20 км тереңдікте орналасқан.

adimage