Алматылық азамат синтетикалық есірткіні сату каналын құру күдігі бойынша ұсталды

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Алматылық азамат синтетикалық есірткіні сату каналын құру күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Есірткі сатушыны ұстау операциясын жүзеге асырмастан бұрын есірткі бизнесіне қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері шұғыл және арнайы шаралар кешенін өткізген. Солардың нәтижесінде күдіктінің қылмыстык әрекеті расталған. Ұсталмас бұрын күдікті өзінің танысына 1 сіріңкенің қорабы көлеміндей «альфа-PVP» психотропты затын 40 мың теңгеге сатып жіберген. Осы мәміледен соң ол ұсталды», - деп хабарлады жұма күні Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Полицейлер нақтылағандай, ұсталған азамат 1986 жылы туған Алматының Түрксіб ауданының тумасы болып шықты.
«Арнайыоперация Бурундай көшесінің бойында төмен жағында өткен. Одан әрі тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді. Нәтижесінде пештің ішінен пакет табылды. Оның ішінен сұр түсті ұнтақ затты бірнеше пакетке орап бөлінген. Жүргізілген химиялық сараптамадан соң тәркіленген химиялық заттардың салмағы 1 келі 760 грамнан асатыны анықталды», - деді ПД бастығының орынбасары.
Оның айтуынша, тергеу тобы анықтағандай, күдікті қылмыстық пиғылын жүзеге асыратын кезде сатып алушылармен кездеспеген. Ол клиенттерге есірткіні жасырып қалдырып отырған. Кейін ақшасын электронды төлем жүйесі арқылы алып отырған.
«Аталмыш дерек бойынша шұғыл шаралар әлі де жалғасуда. Жақын арада анықталып, сәйкесінше, Алматы қаласына есірткі заттары мен психотропты заттарды жеткізу каналы жойылатын болады. Ал қазіргі таңда азамат Ш. қамауда отыр. Оған ҚР ҚК 297 бабы 1 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, 287 бабы 2 бөлімінде (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Айта кетелік, күдіктінің үйінен «Стример» маркалі травматикалық тапанша, қол гранатасы, аңшы пышағы табылды», - деді Әбілбеков.

adimage