Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ - Алматылық метрополитенде барлық стансалар мен пойыздарда тегін Wi-Fi қашан іске қосылатыны туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасынан айтты.
«Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «алмалы» метро стансасында пилоттық режимде тегін Wi-Fi іске қосылды. Бұл аталмыш желі іске қосылған екінші станция, бұған дейін интернет «Жібек жолында» ғана болған. Ағымдағы жылдың қарашасында қолданыстағы барлық стансалар мен пойыздарда тегін Wi-Fi-мен толық қамту жоспарлануда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
IT-қызмет ақпарынша, «Транстелеком» бүгінгі таңда күніне 400-дей қосылуды тіркеген.
«Сарыарқа» және «Достық» жаңа стансаларын қолданысқа енгізе отырып, метроның бірінші желісінің қашықтығы 3,1 км ұзарады, ал жалпы қашықтығы 13,4 км. құрайтын болады. Бұл метрополитенге келушілер санын тәулігіне 86 мың адамға дейін көбейтеді», - деп атап өтті Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08