Алматылық Шымбұлақта қар массасын профилактикалық түсіру жүргізіледі

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Алматылық Шымбұлақта қар массасын профилактикалық түсіру жүргізіледі, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК филиалының ұсынысы негізінде қар жамылғысының биіктігі мен орнықсыздығына байланысты 2020 жылдың 19 ақпанында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері курорт қызметкерлерімен бірге «Шымбұлақ» тау курортының аумағында қар массасын түсіруді жоспарлап отыр», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Құтқарушылар Алматы тұрғындарын, қонақтары мен туристерін профилактикалық шаралар жүргізілетін жерлерге бармауға кеңес берді.

adimage