Алматылық әскерге шақырылғандардың туыстары олардың ант беру сәтіне қатыса алмайды

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматылық әскерге шақырылғандардың туыстары олардың ант беру сәтіне қатыса алмайды, деді Алматының қорғаныс ісі департаментінің бастығы Амантай Өсербаев.
«Ата-аналар мен туыстарының назарын аударғым келеді, биыл әскерге шақырылғандардың ант беру салтанатты шарасы ата-аналардың, туыстарының қатысуынсыз өтеді, себебі қазіргі пандемия жағдайында олай жасауға болмайды. Сонымен қатар, әскери қызметшілер ант беру сәтін видеоға түсіріп, туыстарына жібере алады», - деді Өсербаев бейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, қазіргі таңда әскери бөлімдердегі барлық көпшілік шаралар, сапқа тұруды қоса алғанда, 1,5 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі.

adimage