«Алматыметроқұрылыс» басшысы Реимов екі айға қамауға алынды

Күні: 12:59, 05-12-2019.

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Динара Халдарова. «Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов екі айға қамауға алынды.
«Алматы қалалық соты қылмыстық коллегиясы тергеу соты қаулысының Т25,25 млн сома көлемінде кепіл ұсыну бөлігін өзгертті. Осылайша, ол қамауға алынды және әзір тергеу жүргізіліп жатқанда екі ай бойы қамауда болады», - деп хабарлады Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының МА Абай Жарылқасын сәрсенбіде.
Ол еске салғандай, қамауда алу мерзімі күдікті нақты ұсталған сәттен бастап есептеледі.
«Қамауда шамамен 27 қаңтарға дейін болады», - деді Жарылқасын.
Еске салсақ, 24 қазанда «Алматыметроқұрылыс» жұмысшылары Реимовты қылмыстық қудалау екі метро станциясы құрылысының жалғасуына қауіп төндіруде деп мәлімдеді.
28 қазанда Алматыдағы баспасөз-мәслихатында Реимов оны қылмыстық қудалауға тапсырыс берілгенін мәлімдеді. Сол кезде ол қазақстандық олигарх Дінмұхамед Ыдырысовқа тиесілі «ДК-Инвестмент» ЖШС «Алматыметроқұрылыс» АҚ акциясының 80%-ының «Инженерная поддержка» құрылыс компаниясына қайтармағандығы туралы арызданған. Оның айтуынша, бастапқыда мәселе акцияның 39%-ын беру туралы болған, сонымен қатар, «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның «ДК-Инвестмент» алдында Т1,5 млрд. көлемінде қарызы бар, ол Реимовтың айтуынша, АҚ айналымдағы қаражатын толтыруға кеткен.
«Шарт акцияның 39% беру туралы жасалған, біз оны беруге дайынбыз. Механизм мынадай, биржа бойынша екі бұйрық болуы керек – бағалы қағаздарды есептен шығаруы, және екінші тараптың есепке алуы туралы. Алайда Ыдырысовтан бағалы қағаздарды есепке алу туралы бұйрық түспеді. Ал Т1,5 млрд қарызға келсек, «Метроқұрылыс» АҚ оны өтеуге дайын, алайда кредитор тарапынан дайындық жоқ, ол бізбен келіссөз үстеліне отырмайды, мен Ыдырысовпен 2019 жылдың наурызынан бері кездескен жоқпын. Егер Ыдырысов мен оған акцияның 80% беруім керектігін білдіретін құжатты ұсынса, мен оны кешіктірмей беремін», - деді сол кезде Реимов.
27 қарашада ҚазТАГ ХАА Реимовтың ұсталғандығы туралы хабарлады. Бұл туралы ақпаратты оның адвокаты Әлімжан Оралбай растады. 28 қарашада «Алматыметроқұрылыс» АҚ басқарушы директоры Батыр Адайбаев Реимовтың ұсталуының кесірінен компанияның құрылысы да, қосалқы мердігерлер мен басқалардың ақшасын беру мәселесінде де қол-аяғы байлаулы екенін мәлімдеді. Сол күні Алматы полициясы Реимовке тағылып отырған бапты атады - ҚР ҚК 190 бап 4 бөлім (алаяқтық), алайда іс бойынша басқа ақпаратты беруден бас тартты.
29 қарашаға қараған түні ҚазТАГ ХАА соттың Реимовты Т25 млн сомаға кепілге шығаруға келіскенін хабарлады. Бұл туралы агенттік тілшісіне бизнесменнің адвокаты Әлімжан Оралбай айтты, қорғаушы тараптың сотқа одан да көп сомаға кепілдік мүлік ұсынғанын және кепілді жұма күні төлеуге дайын екендерін жеткізген. 29 қарашада белгілі қазақстандық адвокат Джохар Утебеков Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевқа «Алматы метроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың ұсталуы туралы хабарласты. Ол қаланың ПД бастығына полиция неге сот шешімін орындамайды деген сұрақ қойып, бұл Алматы метросы үшін, көлемді қыталық инвестиция үшін күреспен байланысты ма, болмаса Қазақстандағы ірі олигархтың бірі Ыдырысовтан арыз түсуімен байланысты ма деп сауал тастады. 2 желтоқсанда Алматы полиция департаментінде 1 желтоқсан күні Реимовқа қатысты қорғаушы тараптың кепіл ұсынғанын және оның қамаудан босатылғанын хабарлады.
3 желтоқсанда баспасөз мәслихатында Реимов қамауды өзіне қатысты «тапсырыс» екенін мәлімдеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жағдайға араласуын өтінді. Сонымен қатар, ол оған қатысты тергеу амалдарының метроны салушылардың еңбекақысының кешіктірілуіне алып келуі мүмкін екенін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: