Алматының 10 мектебінің 8-нен мектепте тамақтануды ұйымдастыруда бұзушылықтар табылды

Күні: 16:30, 31-10-2018.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматының 10 мектебінің 8-нен мектепте тамақтануды ұйымдастыруда бұзушылықтар табылды, деп хабарлады «Ұлағатты жанұя» қорының президенті Марианна Гурина.
«Біз әртүрлі ауданда болдық, әрине, Түркісіб ауданында бәрінен де жаман болды, қаншалықты алыстай берсек, соншалықты қиындай түсті, себебі ол жақта әлеуметтік әлсіз топ балаларының саны көбейе түседі. Тіпті орталықтағы мектептердің өзіндегі адамдардың өз жұмыстарына деген қарым-қатынасы біздің жағамызды ұстатты   – жазасыз, оқшау, біз осы кемшіліктерін айтқанда, бізге: «бұл мектептің «көкесінің» кім екенін білмейтін ба едіңіздер?» деп жауап берді. Біз білмейміз және  олардың «көкесінің» кім екені бізге бәрібір», - деді «мұндай жағдаймен қалай да күресу керек» деген М.Гурина сәрсенбіде журналистермен кездесуде.
Мәселен, сарапшылар ішінара 10 жалпы білім беретін мектептерді аралады, олардың ақпарынша солардың сегізінен бұзушылықтар анықталған.
«Тыйым салынған буфет өнімдерінің сатылуы, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасы балаларына тамақ баяндалмайды, мәзірге сәйкес келмейді, яғни құжат жүзінде басқасы тұр, ал іс жүзінде басқа тамақ әзірленіп жатыр», - деп атап өтті спикер.  
Тыйым салынған буфеттік өнім түрлеріне ғаздалған сусындар, майонезі бар тамақтар, май мен қанты жоғары тамақтар жатады.  
Бұл ретте «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру керектігін атап өтті.  
«Мәселе мынада, балалар мектепке нақты бір қажеттілікпен келеді, сондықтан денсаулықтары үшін жауапкершілікті сезінуді үйрету маңызды. егер бала 6-7 жасында колаға үйренсе, ол оны мектепке алып келеді, анасы салып береді, ол жоғары кластарда да оны сатып алатын болады», - деді Б. Түменова.
Атап өтелік, қоғамшылдар бұзушылықтар  анықталған мектептердің нөмірлерін атаудан бас тартты.  


Жаңалықтармен бөлісу: