Алматының бірқатар ықшамауданында су беру уақытша шектеледі

Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ — Алматының бірқатар ықшамауданында су беру уақытша шектеледі, деп хабарлады «Алматы Су» МҚК.
«Алматыда 25 сәуір күні сағат 00:05-тен 26 сәуір күні сағат 06:00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша сумен жабдықтау нысандары мен желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты Орбита 1-4 шағын аудандарында, Таугүл 3 шағын ауданында, Мамыр 1-7 шағын аудандарында, Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай көшелерінің контурында су беру уақытша шектеледі», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады.

Фото көзі: pixabay


adimage