Алматының екі ауданындағы бірқатар үйлерде ыстық су уақытша болмайды

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Алматының екі ауданындағы бірқатар үйлерде ыстық су уақытша болмайды, деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» (АЖЖ) ЖШС баспасөз қызметінен.
«Ақкент», «Жас Қанат», «КЭЧ» және «СВК» қазандықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Алатау мен Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
АЖЖ нақтылағандай, Жұлдыз-1 шағынаудандарында - 10-24 маусым аралығында, Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Ф. Оңғарсынова шаршысында - 13-27 маусым аралығында; Б.Хмельницкий - Дөнентаев - Сүйінбай - Поддубный шаршысында 13 маусым-4 шілде аралығында су болмайды.
«Қазандық жабдықтары күзгі-қысқы жылыту маусымында жылу жоғалту көрсеткіші мен апаттық көрсеткішті азайту үшін жөнделетін болады», - делінген хабарда.

adimage