Алматының екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Күні: 19:25, 29-08-2018.

Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ - Алматының екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
«Темірязев көшесінің бойында жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Гагарин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін 29 тамыз сағат 22.00 бастап 31 тамыз сағат 06.00 дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Мустафин көшесінің бойында жеке көлік қозғалысы Торайғыров көшесінен Рысқұлбеков көшесіне дейін 30 тамыз күні 09.00-18.00 аралығында тоқтатылады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қоғамдық көлік қозғалысы өзгеріссіз қалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: