Алматының коммуналдық қызметінен қар жауған күні жолдарды неліктен сумен тазалағандарын түсіндірді

Күні: 14:40, 28-10-2014.

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Алматының коммуналдық қызметінен қар жауған күні жолдарды неліктен сумен тазалағандарын түсіндірді.

ҚазТАГ редакциясына қала тұрғындары хабарласып, Алматыда 27 қазан күні қар жауғаннан кейін көліктердің жолдарды сумен тазартып жүргендерін айтқан.  Жайтты анықтау үшін біз «Алматы Тазалық» директорының орынбасары Александр Кимге хабарластық.  

«Иә, ол расымен де су болатын. Мәселе оның дәл сол қар жауған күні болғанында. Таңертеңгісін жоғары температура болатын. Біз жапырақтардан тазарттық, жолдарды жуған жоқпыз, жоқ, жапырақтардан тазарттық», - деді А.Ким ҚазТАГ агенттігіне сейсенбіде.  

Бұл ретте ол жұмыстың тек жапырақтар өте көп жиналған үш жерде ғана жүргізілгенін атап өтті. Сонымен қатар ол ауа температурасы төмен болған жағдайда жолдардағы жапырақтардың қолмен жиналатынын түсіндірді.    

«Егер бүгін ауа температурасы -3 болса, ешкім жумайды, жапырақтарды сумен тазартпайды. Қазір сыпырып жатырмыз, бір-біріне жабысып қалған жапырақтар сыпырғанға да кетпейді, мінә мәселе қайда жатыр!   Күн салқындағанда оларды қолмен жинаймыз, сондықтан біз жинап үлгермейміз», - деді А. Ким.


Жаңалықтармен бөлісу: