Алматының Наурызбай ауданындағы сайлау қорытындысының күшін жою керек – Матаев

Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ – Алматының Наурызбай ауданындағы сайлау қорытындысының күшін жою керек, деп мәлімдеді мәжіліс депутаттығына өз кандидатурасын ұсынған Әсет Матаев.
«18 жыл бойы еркін сайлау болмаған еді, бұл жылы да сайлау үдерісі заңдылығымен, ашықтығымен ерекшелене алмады. Депуттатық мандаттар билікке ыңғайлы адамдарға таратылды, ал хаттамаларда мұғалімдер билікке қажет сандарды қойып берді. Біздің штаб Алматының бесінші округі бойынша 200 сайлау учаскесінің хаттамасын жинады, бұл 90%. Қалған 28 хаттаманы АСК ұсынуға бас тартып отыр, біздің бақылаушыларды қуып шықты, хаттамалар белгілінген уақытында ілінбеді», – деп мәлімдеді Әсет Матаев.
Ол сонымен қатар, Наурызбай ауданында дауыстарды ашық санауда да бас тартылғанынан хабардар етті: бақылаушыларды қуып шыққан, учаскелерді жауып тастаған және т.б.
«Біз жинап алған хаттамалардың көбінде қорытынды сандар боялып тасталған!! Бірақ біздің бақылаушылар әр учаскеде дауыс беруге келген адамдарды сағатымен бірге жазып отырды. Осылайша, сайлау комиссиясының қорытындысын салыстыратын дәлеліміз де бар болып шықты. Мәселен, №502 учаскеде біздің бақылаушымызды ұрып тастады, оған хаттаманы бермеген, нәтижесінде 334 тірі адамның орнына, хаттамада 689 деп көрсетілген, оның 181 дауысы Б.Базарбекке және тағы 58 дауысы М.Хасеновке берілді-міс. №626 учасскеде бақылаушыны қуып шыққан, хаттамада 321 адамның орнына 511 адам көрсетілген, дауыстың басым көпшілігі Б.Базарбек пен М.Хасеновке берілген. Осыған ұқсас жағдай учаскелердің көпшілігінде орын алған», – деп жазды Матаев.
Оның пікірінше, өз-өзін ұсынған кандидаттарға дауыс саны жоғарыдан белгілініп қойған.
«Бұл аудандағы 50 учаскедегі нақты құрылымның болғанын дәлелдейді, яғни жүйелілік бар. Айта кетерлігі, ол учаскелердің барлығы мектепте, емханаларда, балабақшаларда орналасқан. Билік жаппай алдауға алдын-ала дайындалған», – делінген хабарда.
Матаев дауыс саны бойынша келесідей шек қойылған болуы мүмкін деп болжайды:
1. Бакытжан Базарбек, биліктің жоспары бойынша, әр учаскеде кем дегенде 180-190 жинауы керек, бірақ 200-ден аспауы тиіс (себебі 200 саны көзге түсіп қалады).
2. М. Хасенов, бірқатар учаскеде 62 дауыстан жинаған. Жалпы оның шегі 50-60 дауыс маңайында болған.
3. Әсет Матаев пен Мұхтар Тайжан, биліктің жоспары бойынша, 50 дауыстан артық жинамау керек болған.
Ол сондай-ақ, бұған бақылаушылардың алғашқы дауыс қорытындысын жариялағаннан кейін көрсеткіштерді қолдан төмендетіп, дауыстарды ұрлау дерегі орын алған сайлау комиссиясы жұмысының екінші кезеңі дәлел екенін айтқан.
«Тек 50 учаскеде дауыстарды 55-56-дан 0-3 дауысқа дейін төмендету дерегі орын алды. Бұл өз конституциялық құқықтарын қолданамыз деген үмітпен келген мыңнан аса сайлаушының таңдауы болатын. Әлеуметтік желілерде жабық есік артында сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санағаннан кейін бюллетеньдерді қапқа салып алып бара жатқан видеолар тарады. Міне нәтижесі: біздің атымыздың жанында белгісі бар бюллетендер бостан босқа жойылды», - деп жазды Матаев.
Оның ақпарынша, журналист Динара Егеубаеваға билік 20-30 дауыс қана бөлген. Оразалы Ержанов пен Айбек Барысов Наурызбай ауданында әр учаскеде бес дауыс шегінде ғана жинаған.
«Мәселе біреудің жеңіп немесе жеңілгенінде емес. Сайлау халықтың пікірін білдіруі тиісі. Мен депутаттармен бірге жұмыс жасап, халықтың мәселесін бірге шешуге дайынмын, алайда ең алдымен депутаттардың өздері жалған атақ иелері болмаулары керек», – деп жазды Матаев.

adimage