Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ - Алматының оңтүстік-шығысында 113 шақырым жерде 3,5 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 5 ақпанда Алматы уақытымен 14 сағат 18 минут 08 секундта (Гринвич бойынша 2019 жылғы 5 қаңтар 08 сағат 18 минут 08 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 113 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,6. Магнитудасы MPV 3,5», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің орталығы 42.94° с.е., 78,25° ш.б. тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).
Алматының оңтүстік-шығысында 113 шақырым жерде 3,5 балдық жер сілкінісі орын алды
