Алматының оқу орындарында АӘД пәні бойынша қосалқы құралдарды беру тоқтатылды

Күні: 17:11, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Алматының оқу орындарында АӘД пәні бойынша қосалқы құралдарды беру тоқтатылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.  
«Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Алғашқы әскери дайындық» (АӘД) пәні бойынша қосалқы құралдар - оқ-дәрілердің имитаторларын түгендеп және сараптамадан өткізуді және оларды қаладағы оқу орындарына беруді тоқтату туралы тапсырма берді», - делінген дүйсенбі күні әкімшілік таратқан хабарда.
Сондай-ақ әкім қаза болған студент қыздың отбасына, және граната жарылысынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
Еске салсақ, 17 қарашада 09.20 сағатта Алматының Алмалы ауданындағы Алматыдағы «Сән және дизайн» колледжінде АӘД сабағында граната жарылды. ТЖ нәтижесінде бір оқушы қаза болып, тағы 11 оқушы әр ауыртпалықтағы жарақат алды. 60 оқушы эвакуацияланды.
Граната жарылысы дерегімен Алматы ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251 б. бойынша (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру) және 101 б. (абайсызда адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жарылыс себебін тексеруге арнайы комиссия құрылды.


Жаңалықтармен бөлісу: