Алматының орталығы мен жоғарғы бөлігі бір тәулікке салқын сусыз болады

Күні: 15:13, 29-10-2014.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – 31 қазан мен 1 қарашада, бір тәулік бойына Алматының орталығы мен жоғарғы бөлігі салқын сусыз болады, деп хабарлады «Холдинг Алматы Су» МКК.  
«31 қазандағы 08.00 сағаттан 1 қарашаның 08.00 сағатына дейін келесі мекенжайлардағы тұтынушылар салқын сусыз болады: Желтоқсан к-сі –Абай д-лы – Розыбакиев к-сі – әль-Фараби д-лы; Жандосов к-сі – Розыбакиев к-сі – әль-Фараби д-лы – Навои к-сі; Жандосов к-сі – Розыбакиев к-сі –Сәтпаев к-сі – Үлкен Алматы өзені шаршы аудандарындағы;  «Казахфильм» ықшамауданы, сов. «Алатау», Ремизовка, Ерменсай тұтынушылары», - делінген сәрсенбі күнгі холдинг таратқан хабарда.  
Одан басқа, Абай даңғылы, Құрманғазы к-сі, Шевченко к-сі, «Орбита» - 1-2-3-4 ықш. «Таугүл»-1-2 ықшамаудандарында су құбырларында су қысымы азаюы мүмкін.
Хабарда түсіндірілгендей, салқын су негізгі тазарту құрылғыларындағы жаңа сүзгі стансаның пайдалануға тапсырылуымен байланысты болып отыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: