Алматының үш көшесінде көлік қозғалысы жартылай жабылады

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ- Алматы қаласының Медеу ауданында бір күнде үш көшенің қозғалысын ішінара шектейді, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері"ЖШС баспасөз қызметі.
"21 маусым күні сағат 11.00 - ден 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Зенков (Шевченко көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін оңтүстік бағытта), Қазыбек би (Достық даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта) және Төле би (Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін шығыс бағытта) көшелерімен көлік қозғалысы ішінара шектеледі", - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апатты жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
ЖШС-тен мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрады.

adimage