Алматының шығысынан 110 шақырымда магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Алматының шығысынан 110 шақырымда магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 1 шілдеде Алматы уақытымен 16 сағ. 38 мин. жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының шығысынан 110 км жерде Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,6. Магнитудасы MPV 3,7. Жел сілкінісі ошағының координаттары 43,11° с.б. 78,26° ш.е., тереңдігі 15 км», делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, сезілгендігі туралы (МSК-64 шкаласы бойынш) ақпар жоқ.

adimage