Алматының шығысында 256 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі орын алды

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ - Алматының шығысында 256 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы уақытымен 11 сағат 36 минут 38 секундта (Гринвич бойынша 2019 жылғы 8 ақпан 05 сағат 36 минут 38 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының шығысында 256 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,4. Магнитудасы MPV 4,5», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің орталығы 43,07° с.е., 80,05° ш.б. тереңдігі 20 км.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).

adimage