Алматының солтүстік шығысынан 145 км қашықтықта магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды

Күні: 15:41, 06-11-2018.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Алматының солтүстік шығысынан  145 км қашықтықта  магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады «Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция» СТӘЭ) ЖШС баспасөз қызметінен.
«6 қарашада Алматы уақытымен 14 сағат 42 минут.31 секундта  (Гринвич уақытымен 6 қараша 08 сағат 42 минут 31 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің орталығы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығыста 145 шақырым жерде тіркелген.  Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,6. Магнитудасы MPV - 4.1»- делінген дүйсенбідегі СТӘЭ хабарында.
Хабарда айтылғандай, жел сілкінісі ошағының координаттары 44.06° с.е. 78.28° ш.б.  
Оның сезілгендігі туралы ақпар жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: