Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматының солтүстік-шығысында 323 км жерде 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар..
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 14 наурызда Алматы уақытымен 07 сағат 34 минут 36 секундта (Гринвич бойынша 14 наурыз 01 сағат 34 минут 36 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 323 км жерде Қазақстан аумағында. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,5. Магнитудасы MPV 3,6», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің координаттары 45.14° с.е. 79.91° ш.б., тереңдігі 30 км.
Жер сілкінісінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы ақпар жоқ.
Алматының солтүстік-шығысында 323 км жерде 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелді
