Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ – Алматының Түрксіб ауданында үйлердің жартысы ескі деп танылды, деп мәлімдеді қала әкімі Ерболат Досаев.
«Аудандағы көпқабатты үйлердің жартысы, яғни 594 үй ескі деп танылды (1229 үйдің 594-і). Ауданда қаладағы барлық ескі үйдің 40%-ы орналасқан. Мәселені шешу үшін 2022 жылы 12 ескі үйде тұратын 96 отбасы екі жаңа көпқабатты үйлерге көшірілді», - деді Досаев Алматының Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында.
Әкімнің айтуынша, 211 пәтері бар тағы сегіз көпқабатты үй құрылысы жүріп жатыр. Төрт үйді 2022 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда, қалғаны 2023 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51