Алматы облысында 3,8 баллдық жер сілкінісі болды

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы облысында  3,8 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2018 жылғы 25 қыркүйекте Астана уақытымен 12,49 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының батысында 108 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды», - делінген хабарда.  
Магнитудасы MPV – 3,8 балл болды. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпар жоқ.

adimage