Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Ғалым әрі археолог Карл Байпақов өмірден озды, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Достар, зор күйзеліспен белгілі ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың өмірден озғанын хабарлаймын», - деп жазған А.Мұхамедиұлы жұма күні өзінің Facebook парақшасында.
«Күні кеше ғана біз археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша үлкен жоспарлар құрған едік, бірақ, өкінішке орай, олар орындалмай қалды. Карл Молдахметұлының ісін жалғастыру маңызды деп санаймын», - деді министр.
Ғалым әрі археолог Карл Байпақов өмірден озды
