Ғалымдар Қара теңізден жер шарындағы ең ежелгі зақымдалмаған кемені тапты

Күні: 11:50, 24-10-2018.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ - Ғалымдар Қара теңізден жер шарындағы ең ежелгі зақымдалмаған кемені тапты, деп хабарлады «Коммерсант».
«Британдық ғалымдар  Қара теңізден жер шарындағы ең ежелгі зақымдалмаған кемені тапты. Ол су түбінде 2,4 мың жылдан астам уақыт жатқан. 23 метрлік гректердердің сауда кемесі қашықтықтан басқарылатын су асты аппаратының көмегімен Болгария жағалауынан 50 миль қашықтықтан табылған.  Кеме оң жанымен жатыр, оның діңгегі, рөлі мен ескекшілерінің орындығы бастапқы күйінде сақталған», - деліген The Times басылымына сілтеме жасалған хабарда. .
The Black Sea Maritime Archaeology (Қара теңіз археологиясының жобасы) жобасының зерттеушілері кеменің «Британия мұражайында сақталған сарапшыларға белгілі   Siren Vase ежелгі грек вазасындағы суретке» ұқсайтынын атап өтті.  
«Кеме жақсы күйде сақталған, оның бұлай сақталуына Қара теңізде 200 метрден кейінгі тереңдікте оттегінің мүлде болмауы себеп болса керек», - делінген хабарда.
Ғалымдардың айтуынша, басқа теңіздерде ол бұл күйінде сақталмаған болар еді.  


Жаңалықтармен бөлісу: