«АЛЖИР» музейі жарты айға уақытша жабылады

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ - «АЛЖИР» музейі келушілер үшін уақытша жабылады, АСтана қ. ресми сайтынан.
«10-25 қараша аралығында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешені келушілер үшін жабылады», - делінген хабарда.
Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы хабарлағандай, реконструкция және реставрация жұмыстары барысында келесідей жұмыстар қолға алынбақ: экспозицияларды 2017-18 жж. мұражай қорына келіп түскен жаңа экспонаттармен және материалдармен толықтыру, «АЛЖИР» мұражайы қорынан ХХ ғасырдың 30-50 жж. мұрағат құжаттар, фотосуреттер, заттар негізінде экспозиция жасау, мультимедиялық экран мен интернетке қосылған сенсорлық панельмен басқарылатын қондырғыларды орнату және монтаждау, ескі шыны витриналарды демонтаждау, электромонтаждау жұмыстары, орнатылған витриналардың дизайнын ескере отырып, келушілер демалатын қосымша конструкцияларды дайындау және орнату.


adimage