Алжирде жаңа газ кенорны ашылды

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Алжирдің оңтүстік-батысында жаңа газ кенорны ашылды, деп хабарлады Reuters.
«Алжир Тиндуф оңтүстік-батыс провинциясында маңызды газ кенорнының ашылуын жасады, бұл елге экспортты ұлғайтуға және шетелдегі өзінің нарық үлесін сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді дүйсенбіде энергетика министрі Мохамед Аркаб», - делінген хабарда.
Аркабтың айтуынша, кенорны шамамен 275 текше м газ және сағатына 300 л конденсат өндіруге қабілетті. Кен орнының мүмкіндігін ары қарай мемлекеттік Sonatrach энергетикалық фирмасы бағалайтын болады.
Хабарда атап өтілгендей, Алжир Еуропаға газ жеткізушілердің ірісі, бірақ ішкі тұтынудың өсуі және өндірісті арттыру қабілетсіздігі соңғы жылдары экспорт көлеміне қауіп төндіріп тұрған еді.
«Жылына 135 млрд.текше м. шамасында газ өндіретін Алжир еуропалық сатып алушысымен газ жеткізуге келісім шартты жаңғыртты, себебі қазіргі келісім шарт мерзімі осы жылдың аяғында немесе 2020 жылдың басында аяқталады», - делінген жарияланымда.
Бұл ретте түсіндірілгендей, Алжир экономикасы белгілі бір деңгейде газ бен шикі мұнайға тәуелді, ал үкімет шетелдік компанияларды тартуда инвесторлар үшін ынталандыру болатын энергетика туралы жаңа заң әзірледі.
Соңғы жылдары көптеген шетелдік инвесторлар Алжирден теріс айналды, олар келісімшарттың тартымсыз талаптары мен бюрократияға сілтеме жасаған.

adimage