Қамалжан Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне кірісті

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ - Қамалжан Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа қызметке тағайныдалғанға дейін (2019 жылдың наурызынан бастап – ҚазТАГ) ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, Надыров Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 21 сәуірде тағайындалған.

adimage