«Amanat» сақтандыру компаниясының ДК басшысы тағайындалды

Күні: 12:21, 09-04-2019.

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ – Асқар Қанафин «Amanat» Сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады сақтандырушы баспасөз қызметінен.
«Жалғыз акционер Ідіріс Дінмұхаметтің шешіміне сәйкес Асқар Қанафин 2019 жылдың 9 сәуірінен бастап АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін аталмыш қызметті Гүлнар Назханова атқарған еді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қанафин 2013-2018 жылдары «Amanat» СК» АҚ ДК төрағасы, «АЗНО» АҚ, «Қазақ коммуналдық жүйесі» АҚ ДК, «Resmi» компаниясының тобы» АҚ, «RG Brands» АҚ мүшесі болған. Сондай-ақ, оның «Ordabasy компаниясының тобы» және «Societe Generale Kazakhstan» банкі секілді компаниялардың атқарушы құрылымында басшылық тәжірибесі бар.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, ҚР Ұлттық банкі 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап Асқар Қанафинді «СК Amanat» АҚ қызметінен бұзушылықтардың анықталуына байланысты» «Amanat» сақтандыру компаниясы ДК басшысы ретіндегі қызметтік міндетін атқарудан шеттеткен еді.


Жаңалықтармен бөлісу: