Амангелді Сәрсенбаев: АДАМДАР ӨЗ МҮДДЕЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДА ҚОРҒАУДЫ ҮЙРЕНБЕГЕН, ОЛАР СОТТА ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ШЕНЕУНІКТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ- Давид Ян. Бұқара халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мен судьялар арасындағы жемқорлықпен күресу үшін мемлекет құқықтық-сот реформасына баса назар аударып, барлық деңгейдегі соттардың ашықтығы туралы жариялады. Реформалауға байланысты сот органдарындағы жағдай мен судьяларға қатысты өзгерістер туралы ҚазТАГ тілшісімен ҚР судьялар Кеңесінің Алматы филиалының басқарушысы, Алматы Бостандық аудандық сотының төрағасы Амангелді Сәрсенбаев ой бөлісті.

 

- Мемлекет 20жыл тәуелсіздік алған жылдар ішінде халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру жөніндегі мәселелерін шеше алмауда. Жағдай қатты тығырыққа тірелгені соншалық, одан шығар басқа жол жоқ па?

 

- Тығырықтан шығар жол қашан да болады. Сотқа деген сенбеушілік, сонымен қатар жалпы алғанда құқыққорғау органдарына деген сенім артпаудың түп-тамыры сонау өткен ғасырдың 20-30 жылдарында жатыр, ол кезде сот үкімі революция мен класстық мүдденің негізінде шығарылатын. 70 жыл ішінде ұрпақтан ұрпаққа тарихи қалыптасып қалған адамдардың көзқарасын мұндай қысқа мерзімде өзгерту мүмкін емес шығар.

Тек ақпаратты ашық айту бұған әсер етуі мүмкін, мемлекет те осы бағытта үнемі жұмыстарды жүргізіп, басымдық жасауда.

Нақты қадамдардың бірі - сотқа арыз түсірілген күннен бастап, мәселе шешімін тапқанға дейінгі іс жүргізілуінің электрондық жүйесінің енгізілуі. Шешім шығарылғанға дейін әркім интернеттегі ҚР Жоғарғы сотының сайты арқылы істің қалай жүргізілгені мен қарастырылу деңгейін қадағалай алады. Бұл арқылы істердің қарастырылу мерзімі 100% дейін бақыланады. Бұған қоса интернет арқылы сот актілерінің көшірмесін алуға болады.

Бұдан бөлек, Алматы қалалық сотында on-line арқылы, Қазақстанның өзге аймақтарында тұратын, сот процестеріне қатысушы азаматтарынан жауап алуға мүмкіндік бар.

Ашығын айтқанда, қазіргі негізгі мәселе адамдардың сот жүйесіне сенім артпайтындығында емес, керісінше қоғамның құқықтық дамуының артта қалғандығында. Заңдардың алға кеткені қашан, мемлекет халықаралық тәжірибені үйрену арқылы сот жүйесіне, заңнамаларға да үнемі жаңа әдістерді енгізуде. Ал халық өзінің құқықтық дамуы жағынан «социализмде» қалып қойған сияқты. Әлі де халық сот қызметіне жүгінгенде өткен шақтың елесімен өмір сүруде.

Осы күнге дейін біздің адамдар өз мүдделерін қолжетімді әдістермен қорғауды үйренбеген, олар соттағы даулы мәселелерді судьяларға мемлекеттік шенеуніктер арқылы әсер етуге болады деп есептейді.

Бұл менталитет халыққа нақты істердің қаралуында судьялардың лауазымды тұлғаларға тәуелді емес екендігін түсінуге бөгет жасауда. Сондықтан, халықтың құқықтық түсінік деңгейін арттыру керек.

Сонымен қатар, адамдарды заңды сыйлауға үйрету керек.Себебі, сот қызметіне жүгінетін тұлғалардың өздері оны елемейді. Құжаттарды дұрыс толтыруды талап ете бастағанда - қағазбастылықты, бюрократизмді сылтау етіп, судья талаптары артық деп шағымдана бастайды, әйтеуір заң талаптарын орындамаудың амалын істейді.

Тағы бір уайымның бірі- куәгер ретінде және тараптар өкілі ретінде білімсіз, сауатсыз адамдардың қатысуы, сіз сенбессіз де олардың куәгерлік еткенінде тұрмыстық көзқарас пен дәлел ретінде айтатыны өсек аясында ғана.

Сондықтан бар қиыншылық судьяларда ғана емес процесске қатысатындарда да. Сонда ғана сот отырыстары сауатсыздық пен «базаршылдық» деңгейінен заңдылық пен өркениет деңгейіне көтеріле алады.

Мәселелердің тағы бірі – ауру және санасыз тұлғалар, олардың психикалық жағдайларын судьялар біле бермейді. Сот бәріне ашық қой. Сондықтан әркім судьяға арыз жасай алады. Ал оларды субъективті түсініктер негізінде қабылдамауға құқығымыз жоқ.

 

- Бүгінде соттың ашықтығы туралы жиі айтылады, ал ҚР ЖС төрағасы судьялардың ашық жұмыс істеуін бұйырды. Бұл сот үкімдері мен шешімдерінің әділ болуына әсер етті ме?

 

- Бектас Бекназаровтың белгілі бір деңгейде жалпы сот жүйесіне әсер етті дегенді жоққа шығаруға болмайды, оның жұмысы тұрақтылық әкеліп, судьялардың өз еңбегінің әділ бағалануы туралы сенімін күшейтті. Бұл Жерде ҚР ЖС талаптары өте орынды. Ашық жұмыс істеу дегенде ол сот процесстерінде аудиобейнетехниканың қолданылуын меңзеген деп түсінемін, бұл судьялар жұмысына түсірілетін арыз-шағымдардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Дегенмен, менің ойымша, көптеген үкімдер мен шешімдер әділ шығарылады.Әр судья да өз жұмысында осы қағиданы ұстануға тырысады. Судьялар жазба жүргізілетін процесстерден еш қорықпайтындығын атап өткен дұрыс. Бұл тек судьяны ғана емес тараптарды да тәртіп сақтауға шақырады. Кей кездері тараптардың өздері процесс аудиобейнежазбасының жүргізілмеуін сұрайды.

 

Сотқа сенім білдірмейтін, өз дауларын мемлекет араласуынсыз шешуді қалайтын адамдар сізді алаңдатпайды ма?

 

- Тараптар арасындағы даулар тек жария етілуі мен өркениеттілік арқылы ғана сотта әділ шешіле алады. Әсіресе ол азаматтық-құқыққа қатысты болса. Дегенмен, бүгінде адамдар өз проблемаларын сотты айнала өтіп, мемлекет араласуынсыз шешеді деп ойламаймын.

Мысалға, ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Бостандық аудандық соты 1400 іс қараған, оның 33 бітімгершілік келісім жасасқан. Бірақ, өткен жылдан бері ҚР «Медиация туралы» заң күшіне енген. БАҚ, «дөңгелек үстелдер» арқылы біз адамдарға өз мәселелері жөнінде медиаторлар арқылы альтернативтісала қоғамдық бірлестіктерге жүгіне алатындығын айтудамыз.

 Бір қызығы, бірде бір тарап былтырғы жылдың тамызынан бастап, қарастырылған іс бойынша альтернативті салаға кеткен жоқ. Бұл бар мәселе сотқа сенбеушілік емес екендігін дәлелдейді.Ол азаматтардың өздерінің дауларды шешудегі өркениеттілік деңгейінде. Біздегі адамдар бір-біріне дес бермейді, олар міндетті түрде біреуді жеңіп, жойып, күйретуі керек. Мұның барлығы тәрбие беру, ағарту мен білім беру салаларындағы вакуумның салдары.

 

Дегенмен, көп адам әділдікке сенбей, әр судьяны сатып алуға болатындығын алға тартады. Ал барлық шешімдер мен үкімдерге қалалық сот төрағасының мақұлдауымен қол жеткізуге болады дейді. Мұны жоққа шығара аласыз ба?

 

- Әрине, соңғысынан бастайын. Аудандық сот судьялары, ал мұндайлар Алматыда 200шақты, күнделікті қылмыстық іске қатысты 100шақты, азаматтық іс бойынша 200 шақты үкім шығарып, әкімшілік істер бойынша 21 мыңнан астам қаулы қабылдаған. Тек былтырғы жыл ішінде бірінші инстанция судьялары азаматтық істер бойынша 30мыңға жуық шешім, қылмыстық іс бойынша 22мыңға жуық үкім мен әкімшілік іс бойынша 260 мыңға жуық қаулы қабылдаған.

Әр іс он шақты ғана емес, жүз шақты құжаттар мен айғақтардан тұрады.Егер, қалалық сот не аудандық сот төрағасы әр істі қарастырып, өз ойын айтатын болса, ұзаққа бара алмайды. Иә, кейбір маңызды отырыстар бойынша пікір алмасу болады, тек үздіксіз бақылауды қалаған жағдайдың өзінде де бұл мүмкін емес. Оған қоса, соңғы кездері үлкен істерді алқа-билер соты қарастырады.Оларды сендіру не «сатып алу» оңай шаруа емес.

Пара алушы судьялар жөнінде айтсақ. Сот жүйесінің парақорлық деңгейі туралы айта алмаймын, дегенмен ол шектен шығып кетпеген?!Мұнда жемқорлықтың пайыздық мөлшері маңызды, ол жалпы алғанда әділеттілікке қаншалықты әсер етеді.Екінші жақтан қарағанда «өсу ауруы» бар екендігін де ұмытпайық, мемлекет пен қоғамды айтамын.Қытайда және басқа да шығыс елдерінде жемқорлық үшін өлім жазасы беріледі.Бірақ белгілі болғандай, мұны түпкілікті жоюға ең қатал режимдер де қауқарсыз.Алайда, парақорлықпен күресті бір мезетке де тоқтатуға болмайды.

 

Сот заңнамасына өзгертулер енгізу соншалықты жедел түрде қажет болды ма? Ескі жүйе неге көңілден шықпады? Оларды кезінде беделді тұлғалар жазды емес пе?

 

- Әр істің өз уақыты бар.Кез-келген реформа сияқты құқықтық сот реформасы-бұл мемлекеттің құқықтың алаңындағы жалпы жағдайдың өзгеруіне жауабы.Адамдар жақсы өмір сүре бастады, қоғам дамудың кезекті сатысына көтерілді.Осыдан қылмыстық заңнаманың гуманизациялануы, ҚК бірқатар баптарының декриминализациялануы шыққан, әсіресе экономикалық салада. Мен мұнда, аса ауыр қылмыс бойынша қолданылатын жаза-көптеген жылдар бойы мораторий жарияланып келген өлім жазасы туралыайтап та жатқаным жоқ. Алайда, бұл сауалдағы адамдардың пікірлері екіұшты.

Сонымен қатар, жақында істердің аппеляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларындағы қаралуын реттейтін заң қабылданды, менің ойымша бұл судьяларға деген сенімнің өсіп, әділеттілікке деген сенім деңгейін арттырады. Қысқаша айтқанда, енді істердің процессте көрсетілген сатылардан өтуі міндетті. Себебі, көпинстанциялылық (аппеляция, кассация және қадағалау)азаматтар құқықтарының жүзеге асуына және мекемелердің уақытылы сот қорғауына бөгет жасап, қағазбастылыққа әкеп соғады.

Бұдан өзге, істің әр сот инстанциясында этаптық өтуі міндеттеледі.Облыстық сот аясында тек екі инстанция сақталады: аппеляциялық және кассациялық.Аппеляциялық сот істі қарастыра отырып, бірінші сот инстанциясына оны қарастыруға жібере алмайды.

Кассациялық сот инстанциясы күшіне енген сот актілерін тек аппеляциялық тәртіпте қаралған соң ғана қарастыра алады.Жоғарғы сот қадағалаушы инстанция сияқты, ол да күшіне енген сот актілерін қайта қарастыра алады, тек кассациялық тәртіпте қаралған соң ғана.

Қылмыстық пен азаматтық кодекстерде тағы басқа да бірқатар өзгертулер бар. Мысалға, аппеляция беруші тарапқа, бірінші сот инстанциясы барысында рұқсат етілмеген, күәгерлерді шақырту мен жауап алу, айғақтарды талап ету сияқты  мүмкіндіктер берілді.

Тағы да сотқа, отырысқа қатысушыларды пошталық хат пен шақырту хат арқылы ғана емес, ұялы телефон мен электронды пошта арқылы да шақыртуға рұқсат берілді.Бірнеше жыл бұрын елде мұндай коммуникациялардың болмаған шағында ол жөнінде армандамайтынбыз да, мұндай ереженің заңда бекітілуі тіпті ерекше. Осы емес пе эволюция.

 

Мамандардың айтуына қарағанда жаңа енгізулер сот шешімдерінің әділдігіне кепілдік бере алмайды, соттағы жемқорлық деңгейіне де әсер ете алмайды...

 

- Осы заң күшіне енген сәттен бастап, жемқорлықтан құтыламыз деп айтып жатқан жоқпыз.Бұл бір орында тұрмайтын күрделі процесс. Тіпті, демократиялық қоғамның сот жүйесінің эталоны саналатын Ұлыбританияның соты үнемі жетілдірілуде.Жағдайды өзгерту үшін онжылдықтар қажет болады. Еліміз ақырындап құқықтық қоғамға ұмтылып келеді.

Әділеттілік жөнінде. Білсеңіз, ол заңды болуы керек, дәлелдер базасына негізделген. Ең әділ судья негіз болмаған жағдайда әділ шешім қабылдай алмайды. Негіздеме – ол куәгерлер жауаптары, құжаттар мен басқа да айғақ заттар.Кейде бұл да құтқара алмайды. Мұнда кешенді проблемалар жетерлік. Себебі, тараптарды қорғайтын юристер отырысқа дайындалмай келеді. Белгілі бір іс бойынша олардың жағдайды толықтай білуі былай тұрсын, алған білімдері де көңілден шықпайды.

Ал тергеушілердің кәсібилігі? Шешім не үкімді қалай шығару керек дейсіздер?! Біреудің сауатсыздығын жасырып па? Тіпті көп ақша үшін де ешкім тәуекелге бармайды.

 

- Бұл жүйедегі жағдайға соттық тергеу әсер ете алды ма? Соттық тергеудің жақтасысыз ба?

 

- Көптеген елдерде бұл сәтті жұмыс істеуде.Алдын-ала тергеуді алмастыратын соттық тергеуге ауысу біздің жағдайымызда әлі де басы ашылмаған тақырып. Соттық тергеу дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық құқыққорғау жүйесін түпкілікті өзгертіп, күш құрылымдарының құқықтары мен міндеттерін қайта қарау  керек. Мұндай өзгеріс ондағы қызметкерлердің мүддесіне әсер етеді. Көбі зейнеткерліке ерте шыға алмай, погондарынан айырылады.Сот тергеушісінің арнайы атауы болмайды ғой, әсіресе әскери. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын ел президенті бірден, бірнеше күштік құрылымдардың аттестатталған қызметкерлерін қысқарту жөніндегі бұйрыққа қол қойған.Қателеспесем, 4-5 % қысқарту жөнінде айтылған болатын. Ол әлі де орындалған жоқ. Оның да өз себептері бар.

Сонымен қатар, реформаның өзі біршама қаржыны талап етеді. Экономикалық дағдарыстың жақындаған шағында бұған ешкім бара қоймас деп ойлаймын.

 

– Сот репортерлері гильдиясының құрылтайшылар жиналысында сіз судьялар кеңесінің төрағасы ретінде әріптестеріңіз отырыстарды жариялылықпен өткізуге мүдделі дегенсіз. Позиция неліктен өзгерді?

 

– Мемлекеттік құпия, әскери құпияға жататын сот отырыстарының күәгерлері мен жәбірленушілерін құпия сақтауды қажет ететін сот отырысынан басқа соттарды ашық өткізу керек. Сонымен қатар, бұндай отырыстарда құқықтық тақырыпта мамандандырылған журналистердің болғаның қалар едім.

Бүгінде өзің биліктің ашық саласы ретінде таныстырып жүрген сот жүйесіне бұл өте қажет. Келіссеңіз, тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қандай да бір іс бойынша сот позициясын жеткізе аламыз.Әсіресе даулы істер бойынша. Егер өз мүдделері болмаса ешкім жайдан жай сот отырысытарына бармайды ғой.

Бағана айтқандай судья шешімді келтірілген дәлелдер негізінде қабылдайды деп. Алдын ала тергеу бойынша ол өте аз болып, «зорлау» бойынша сотталу тиіс адам сот залында босатылды деп елестетіңіз. Нәтижесінде: жәбірленушілер жазаны өзіміз береміз дейді, қоғам судьяны парақор деп айыптап, қарсылық білдіреді. Бүйтіп іс БАҚ арқылы бұқараның назарына ілікпейінше жалғаса береді. Бұл жағдайда судьяның өзі журналистердің қатысуына мүдделі болады

 

Демек сіз жариялылықты жақтайсыз ғой?

 

- Еш күдігіңіз болмасын!

 

Сұхбатыңызға рахмет!


adimage