Ана жатырындағы балаларға арналған генетикалық тестілерді Қазақстан Ресейден сатып алады

Күні: 12:05, 28-02-2019.

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Ана жатырындағы балалардың резус-факторын анықтауға арналған генетикалық тестілерді Қазақстан Ресейден сатып алады, деп хабарлады ТАСС.
«Роснано» Инфрақұрылымдық және оқыту бағдарламалары қоры тобының инвестициялық желісіне кіретін ULNANOTECH («Улнанотех») Ульяновский наноцентр қатысушысы болып табылатын «Тестген» компаниясы Қазақстанға жүкті әйелдің күре тамырының қаны бойынша баланың резус-факторын анықтауға арналған 10 мың генетикалық тесті жеткізуге келісім шарт жасады», - деп хабарлады «Роснано» Инфрақұрылымдық және оқыту бағдарламалары қоры баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш тест жүктіліктің оныншы аптасынан бастап баланың резус-факторын 99% дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді, «бұл Ресейде, Украина мен Қазақстанда 11 зертхананың қатысуымен өткен халықаралық клиникалық тексеріс барысында дәлелденді».
«Бұл мыңдаған резустары теріс әйелдердің өмірін жеңілдетеді: біреулер үшін иммуноглобулин профилактикасының қажеттілігі жойылса, енді біреулер үшін қауіпті жағдай профилактикасы – ұрық пен жаңа туылған сәбидің гемолиздік ауруын емдеу – негізделген және нысаналы түрде жүргізілетін болады», - делінген хабарда.
«Тестген» 2014 жылы Ресейде өнертабыс ретінде тестке патент алды, кешірек оны Еуразиялық патенттік конвенция мойындады.
«Тест-жүйе Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінде тіркелді, ол Ресейдің 40-қа жуық өңірі мен жақын шетелдегі бес елде сәтті енгізілді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: