Қанат Досмұқамбетов: Қазақстандағы ЕАДБ үлесі банктың инсвестициялық қоржынының үштен бір бөлігінен асып жығылады

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Қазақстандағы үлесі $1,2 млрд-тан асып жығылды, бұл банктың жалпы инвестициялық қоржынының 34%. ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұқамбетов ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында түсіндіріп өткендей, бүгінде банк елімізде экономиканың 9 саласы бойынша 28 жобада бар. Осы ретте, энергетика, химия және көлік салалары бойынша тағы 27 жоба түрлі қаралу деңгейінде. 

 - Белгілі болғандай, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерде бірнеше миллиард доллардың инвестициялық жобаларын қаржыландырады. Осы көлемдегі қазақстандық жобалардың үлесі қандай?

 - 2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктың инвестициялық қоржыны 3 млрд 626 млн долларды құрап, өзіне 80 инвестициялық жобаны енгізді. Банктың Қазақстандағы инвестициялық қоржыны 1 млрд 226 млн долларды, немесе банктың ағымдағы инвестициялық қоржынының 33,8% құрады. Қазақстан экономикасы - банкке қатысушы мемлекеттер ішіндегі ірі, әрі тұрақты дамып келе жатқандардың бірі. Мемлекет алдында шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың энергосыйымдылығын төмендету, инвестиция тарту сынды маңызды міндеттер тұр. Осы ретте қаржы институты үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасына қолдау көрсетуде және осы бағдарлама шеңберінде жобаларды инвестициялауға әзір. Атап айтар балсақ, бүгінде ЕАДБ Қазақстандағы инвестициялық қоржынының 55%-ға жуығын ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар құрайды.

- Бүгінде ЕАДБ Қазақстандағы нақты қандай инвестициялық жобаларға және қандай бағыттар бойынша қатысуда? Олардың елімізде табысты жұмыс істеп жатқандарына тоқталып өтсеңіз. 

 - Банктың ағымдағы инвестициялық қоржынына 9 сала бойынша 28 жоба енгізілген. Олар, энергетика мен энергетикалық инфрақұрылым, агроөндіріс кешені, көлік және көлік инфрақұрылымы, таукенөндіру және қайта өңдеу өндірісі, қаржы секторы мен металлургия. Табысты жобалар. Бірінші кезекте Павлодар облысындағы Екібастұз МАЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын атап өту керек. Бұл мақсатта 15 жылға 446,854 млн доллар бөлінді. Банктың пайымынша жаңа энергоблоктың құрылысы Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі электр энергия тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде МАЭС Қазақстанда өндірілетін электр энергияның 12% шығарады. Сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағына, Қазақстандық теміржолдарға, Ертіс-Қарағанды каналы мен Орал мен Сібірдегі бірқатар өндіріс ошақтарының бойына қан жүргізіп отыр. Сонымен қатар, Астанадағы «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭҚЗ) ЖШС-ның электровоз шығару бойынша жобасын тілге тиек етсем деп едім. ЕАДБ ЭҚЗ-ға 10 жылға 10 млрд теңге ( $67 млн астам - ҚазТАГ) көлемінде несиелік желі ашты. Осы ретте жобаның жалпы құны 18 млрд теңгеден асып жығылады. Зауыттың жылдық қуаттылығы электровоздардың 100-ге жуық секциясын өндіруге жетеді. Бұдан басқа, банк 2013 жылы қазақстандық «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-мен 10 жылға 14,167 млрд теңгеге ( $94 млн жуық - ҚазТАГ) несие желісін ашу туралы келісімге отырды. Жоба Ақмола облысының Ерейментау қаласында қуаттылығы 45 МВт болатын жел электр станциясын салуды көздейді. Бұл Қазақстандағы электр энергиясын жел энергиясын өндіру саласындағы алғашқы өндірістік жоба. Ол жаңартылған энергия көздеріне негізделген баламалы энергияны өндіруді дамытуға септігін тигізетін болады. ЕАДБ қоржынында Павлодар облысындағы «Богатырь көмір» ЖШС 7 жылға 75 млн долларға инвестициялық қаржыландыру жобасы да бар. Көмір өндіретін компания инвестициялық бағдарлама бойынша 2016 жылға дейін есептелген техникалық қайта қарулануды жүзеге асырады. Ол көмірді өндіру, тиеу, тасымалдау және оның құрамын жақсартуды (орташаландыру - ҚазТАГ), сонымен қатар, негізгі құрал-жабдықты ауыстыруды қарастырады. Банк сарапшыларының бағалауынша жобаны жүзеге асыру (бірінші және екінші несиелік желіні есепке алғанда - ҚазТАГ) ЕАДБ қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар айналымын жылына 162 млн долларға өсіреді.

 - Банк үшін Қазақстан инвестиция тұрғысынан қаншалықты тартымды, біздің елде қандай бағыттарға қаржы салуға болады? Сонымен қатар мемлекетаралық банк ұсынып отырған шарттар қаншалықты тартымды? 

- Банк елге жаңа технологиялар тартуға, автомобиль құрылысын дамытуға, шыны өнідірісі мен құбыр өнеркәсібін дамытуға септігін тигізерлік инвестициялық жобаларды іске асыруға қолқабыс етуге дайын, оның ішінде басқа да қатысушы мемлекеттермен бірлескен кәсіпорындарды қолдау арқылы. Одан басқа, қазақстандық экономиканың экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында банк Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортқа бағытталған жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады. Электрэнергетикасын дамытуға қолдау көрсету де маңызды, оның ішінде - балама көздерді дамыту да бар. Қазақстандағы химия және мұнайхимиясын дамытуға қатысу жоспарда. Бұл біз үшін өте қызық сала. Банк үшін жеке меншіктегілер де маңызды. Біз қаржыландырудың жаңа түрлерін дамытпақшымыз. Өңірлік банктердің жұмыс жасау принциптері кез келген басқа инвестициялық компания жұмысынан ерекшеленеді: мақсат - бәсекелеспей, қатысушы-мемлекеттер экономикасының дамуына көмектесу. Біздің банктің коммерциялық банктерге қарағанда негізгі артықшылығы біздің «ұзын» ақша бере алатындығымызда. Яғни - ұзақ мерзімге. Біздің бәсекелестеріміз ең алдымен біздің серіктестеріміз десе болады. Біз басқа елдердегі Қазақстанның көптеген даму институттарымен ынтымақтасудамыз, мысалы, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Дүниежүзілік банкпен, Қазақстан даму банкімен.

 - ЕАДБ-ға қазақстандық компаниялардан өтініштер көп түсе ме? Талқыда қанша жоба қаралуда? Олардың қандайлары Қазақстанда жақын аралықта іске қосылуы мүмкін?

 - Қазіргі кезде банкте құны 2,8 млрд доллар болатын энергетика, химия мен көлік саласына қатысты 27 жоба әр деңгейдегі талқыда жатыр. Олардың ішінен ЕАДБ тарапынан қаржыландыруды қажет ететіндері 1,4 млрд доллар. Оның ішінде интеграциялық әсері өте үлкен, қазақстандық «Азия Авто» АҚ мен ресейлік «АвтоВАЗ» ААҚ бірлескен кәсіпорындарының «Лада» автомобилін шығаратын зауыт салу жобасы бар. «Транстелеком» компаниясымен ынтымақтастықтың жалғасы ретінде банк кеңесі темір жол бойымен оптикалық-талшықты желі салу жобасы мақұлданды. Жақында Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын ГЭС құрылысын қаржыландыру басталады.

 - Банктің жарғылық капиталы $1,5 млрд-тан астам. Іске асырылуды күтіп тұрған жобалар саны мен көлемінің артуы себепті ол қор көбейтіле ме (қатысушы-мемлекеттерге пропорционалды түрде)? 

 - 2014 жылғы 3 шілдеде кеңес талап бойынша төленетін қосымша акцияларды шығару арқылы жарғылық капитал мөлшерін 7 млрд долларға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Ол акцияларға ЕАДБ қатысушы-мемлекеттер жазыла алады. 

 - Сұхбатыңызға рахмет!

adimage