Қанатбеков Қазақстанның ІІМ ҚАЖК басшысы қызметінен кетті – дерек көзі

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Дархан Қанатбеков Қазақстанның ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады құқыққорғау органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасаған агенттік тілшісі.
«Қанатбеков ҚАЖК төрағасы қызметінен кетті. Қазір комитет басшысы міндетін Теңізжан Жәнібеков атқаруда», - деп хабарлады дерек көзі сәрсенбі күні агенттік тілшісіне.
Қанатбеков ҚАЖК 2019 жылдың 4 сәуірінен бері басқарып келеді. Бұл қызметке ол Азамат Базылбековтың орнына келген еді, ол болса қызметінен сыбайлас жемқорлық шуы салдарынан кеткен болатын.
Комитет төрағасының қазіргі МА Жәнібеков 8 мамырда ҚАЖК басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

adimage