Андрей Цалюк: Зейнетақылық жинақтау жүйесі БЖЗҚ құрылғанға дейін нарықты бұзып жіберді

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Соңғы екі жылдағы макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы қазақстандық қор нарығына теріс ықпал етті. Бірақ, таң қаларлығы, қиындықтарға қарамай, әсіресе биылғы жылы көптен болған тыныштықтықтан соң, листингпен Қазақстан қор биржасында (KASE) қазақстандық компаниялар қызыға бастады. Бірақ акциялардың келешегі бұрынғысынша көптеген сауалдар тудырып отыр.
Биржадағы негізгі үрдістер мен оның келешегі жайлы біз KASE басқармасының төраға орынбасары Андрей Цалюктен айтып беруін өтіндік.


- Андрей Юрьевич, Қазақстан экономикасындағы жағдай күрделі болып қалып отыр: мұнай бағасы қаңтардағы минимумнан өскенімен әзірге онша қымбат емес. Осындай жағдайда Сіз Қазақстан қор бирджасының келешегін биылға қандай деп бағалаған болар едіңіз?


- Қор нарығының келешегін біз бірнеше бағытпен немесе факторлармен байланыстырамыз. Бірінші және негізгі бағыт – ол теңгелік тетіктерге деген қызығушылықтың пайда болуы, ал соңғы екі жыл долларлық активтерге деген сұраныс аясында өтті. Сондықтан, шынын айтқанда инвесторларда қазақстандық компанияларға инвестициялауға деген қызығушылығы болмады.
Қазір жағдай аздап өзгерді. Біз нарыққа жаңа компаниялар шығып отырғанын көріп отырмыз. Биыл біз ұзаққа созылған үзілістен соң осындай бірнеше шығу болады деп күтудеміз: шынын айтқанда бізде ол 2007 жылдан бері болмаған, себебі дағдарыстан кейін нарыққа тек мемлекеттің қатысуы бар компаниялар ғана шыққан.
Екінші фактор – ол Ұлттық банктің елдегі экономикалық ахуалға ықпал етуі үшін базалық мөлшерлемені реттей отырып, пайыздық арна арқылы инфляциялық таргеттеуге өтуі. Ол да оптимизм оятады, себебі біздің нарығымызға бенчмарка жетіспейді.
Ол нақты белгіленгеннен соң және дәл нарықпен айқындала бастағанда әр компания өзінің нарықтық бағасын және тарта алатын немесе бере алатын активтерінің бағасын айқындап, салыстыра алады.

- Биылғы жылдың қаңтарының соңынан бастап қазірге дейін ұлттық валютаның едәуір нығайғанынан соң нарықтағы теңгелік өтімділікке қатысты жағдай қаншалықты өзгерді?


- Егер акциялар нарығы туралы айтатын болсақ, онда өтімділік мөлшері шамамен тұрақты болып қалып отыр. Бірақ керісінше, осы сегментте тәулігіне 100-200 млн теңге. Бұл өте кішкентай көрсеткіш. Бұрын ол едәуір үлкен болатын. Бұл ретте ол 2012 жылдан бері өзгермей келеді.
Жекелеген жарқ етулер бар. Соңғы кездердің белгісі – ол өте көп болып жатыр, біз айтатындай, ауық-ауық болатын ірі мәмілелер. Биылғы бірінші тоқсан оған бай болды.


- Ол қандай мәмілелер?



- Олар, әрине, келісімдік операциялар. Олар көптеген компаниялар бір-екі операциялар өткізу үшін биржаға кіретін мәмілелер. Олар оны қаржыландырып алу үшін жасайды. Олар оны алысымен кетіп қалады.
Ал акцияларды сатып алған инвестор оларды өздерінде ұстап отырады, яғни, олар еркін айналыста жоқ. Оған белгілі уақыт өтуі керек – 3-5 жыл. Егер компания табыспен дамып отырса, және қосымша қаржыландыруға деген қажеттілік болса, онда листингте бола отырып, жариялы компания мәртебесін ала отырып, ол шынымен де нағыз ІРО-дан өте алады. Яғни, өз капиталына бөлшек инвесторларды жібере алады.
Әрине, инвесторлардың осы санатын тарту кез келген бизнес үшін қаржыландырудың басым элементі болып табылмайды, себебі бөлшек саудамен машақаты көп: бөлшек акционерлерді жинау және т.б., пакеттердің бір қолға шоғырлану қаупін айтпағанда. Ондай жағдайда өзіңнің шартыңды телу мүмкіндігі туындайды, директорлар құрамына бөтен адам кіреді. Бізде ол солай жұмыс атқарады.


- Ал корпоративтік облигациялар сегментінде жағдай қандай?


- Корпоративтік облигациялар нарығына келетін болсақ, олардың екінші нарығы дәстүрлі түрде белсенді болмайды, ал бірінші нарық жақында ғана бірінші кезекте банктер тарапынан зейнетақылық қаражатты тарту арқылы көрінді.
Соңғы кездері мұнда квазимемлекеттік құрылымдар басымдықта. Осы нарыққа соңғы рет «Қазақстан темір жолы» шығып, айтарлықтай ірі соманы тартты. Яғни ол БЖЗҚ ақшалары. Ал ол бойынша үкімет шешім қабылдайды, экономикадағы жобаларды қаржыландыруға бағыттау туралы. Олар зейнетақылық ақша болғандықтан заң бойынша, олар Қазақстан қор биржасы арқылы инвестицияланады. Бірақ ол да нақты секторға салынған қаражат.


- Барлық ЖЗҚ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қорға біріктірілуі және оған толық бақылау орнату жеке сектордан мемлекетке өтуі нарыққа қаншалықты соққы болды?


- Оған бірмәнді жауап беру қиын. Және оның себебі мынада. Иә, нарық едәуір ірі инвестордан айрылды. Бәлкім мен табиғатымнан оптимист шығармын, бірақ көбі айтып жүргендей: қор нарығы арнайы осы үшін құрылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі бізді қатты бұзып, «есірткі құмар» етіп жіберді. Ал ондайлар жоқ көрші мемлекеттерді көріп отырмыз, оларда қалыпты қор нарығы дамып отыр.
Тіпті Ресейді алайықшы. Әрине, ол жақта да біздікіне ұқсас проблемалар бар, бірақ ауқымы өзгеше. Бірақ оларда инвестициялық банктерінде біздегідей тәуелділік жоқ (зейнетақылық қаражаттан – ҚазТАГ). Олар өздерінің инвестициялық бизнесін жүргізілу тәртібіне сай жасап отыр.
Және қазір, зейнетақылық ақшалар БЖЗҚ арқылы мемлекеттік капитализм проблемаларын шешуге бағытталғанда, бізде қалыпты жұмыстың бүршіктері көріне бастады. Қор нарығына жаңа компаниялар шыға бастады.


- Ал қазір ондай оптимистер көп пе?


- Олар енді пайда бола бастады. Мәселе осында. Қазір бір зауыт келе жатыр, бірақ жұлдызы жарқырап емес. Шынын айтсам, оны әзірге айта алмаймын, бірақ ол туралы сіздер жақында еститін боласыздар. Күзге қарай тағы 3-4 компания күтіп отырмыз. Яғни ол мемлекеттік сектордың емес, нақты сектордың өкілі. Және ол адамдар отандық қор нарығына өз еріктерімен және қалауымен келген адамдар. Ол өте қызықты дерек.


- Үкіметтің жекешелендірудегі екінші толқынын өткізбек ниеті фонында Сіз қор нарығының келешегін қалай көріп отырсыз?

- Қазір ол туралы айту ерте. Себебі 2018 жылға дейін ешнәрсе көрініп тұрған жоқ. Қандай компаниялар және нені ұсынатынын қарау керек. Егер барлығы дұрыс болса, тамаша болар еді.
Ең бастысы – осы жекешелендіру басқа жерде емес, біздің қор нарығымызда өтсе болар еді. Және егер шетелдіктер оған қатысқысы келсе, олар осында келіп нарықтың инфрақұрылымын пайдалануы керек. Егер ол солай жасалатын болса, ол өте жақсы және біз үшін өте пайдалы болады.



- Биыл доллардың теңгеге қатысты бағамынан не күтсе болады?


- Ол Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу мәселесіндегі жетістіктеріне байланысты болады. Ол үлгі тестіленген жоқ қой, ал қазір мұнай бағасы жақсы көтерілді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі қаншалықты жұмыс атқаратынын көру үшін қандай да стрессті күте тұру керек. Ол жұмыс жасаса – қалай жасайтынын. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің жинақтарын қайтадан долларларға алмастыра ма екен?
Әзірге мен көптеген компаниялар доллардан теңгеге «аусып» жатқанын көріп отырмын. Нәтижесінде теңгелік өтімділік ағымы келіп жатыр. Белгілі бір тепе-теңдікке қол жеткендей әсерде боласыз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage