Қандықол қылмыскер Алматыда апалы-сіңлілер мен кездейсоқ өтіп бара жатқан қыз баланы өлтіргені үшін 25 жылға сотталды

Күні: 17:45, 30-10-2020.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – Қандықол қылмыскер Замандин Палтуев Алматыда апалы-сіңлілер мен кездейсоқ өтіп бара жатқан қыз баланы өлтіргені үшін 25 жылға сотталды, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Алматы қаласы сотының үкімімен Замандин Палтуев ҚР ҚК 99 (адам өлтіру), 120 (адам зорлау), 121 (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 192 (қарақшылық шабуыл жасау), 202 (бөтеннің мүлкін қасақана жою) баптары бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қылмыскер 1983 жылы туған, Алматының тұрғыны.
«З.Палтуев қысқы кештердің бірінде тәтесімен жер үйде тұратын өзінің танысы болып табылатын 1986 жылы туған азаматшаға қонаққа келіп, үй иелерімен бірге алкогольдік ішімдіктер ішкен. Бұл кезде үйдің басқа бөлмесінде 1950 жылы туған ер адам ұйықтап жатқан. Алкоголь ішкен З.Палтуев өзінің танысымен жанжалдасып қалып, үстелден ас үй пышағын алып, оны ары-бері сермеп, әйелді өлтіремін деп қорқытқан. Жанжалға басқа бөлмеде ұйықтап жатқан ер адам араласқан. Алайда оның ашуланған адамды тоқтатамын деген әрекеті нәтижесіз аяқталған. З.Палтуев алдымен ер адамға бөтелкенің сынығымен көптеген жарақат салған. Сосын апалы-сіңлілі екі әйелді жарақаттаған, алған жарақаттарының салдарынан әйелдердің екеуі де қайтыс болды», - деп нақтылады ПД.
Іс материалынан белгілі болғандай, жасаған қылмыстарының ізін жасыру үшін З.Палтуев үйді өртеуге шешім қабылдап, от қойған. Үйдің өртеніп жатқанына көз жеткізген соң, қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен.
«Үйдің өртеніп жатқанына көз жеткізген соң, қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жараланған ер адамды жанып жатқан үйден көршілер алып шығып, оған медициналық көмек көрсетілген, нәтижесінде ер адам тірі қалды», - делінген хабарда.
«Кісі өлтірушінің қылмыстық әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ. Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, іздеуде жүрген З.Палтуев Бөкейханов көшесінде аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасады. Алкогольдік ішімдікке тойып алған З.Палтуев көше бойлап кетіп бара жатқан жас қызды байқаған. Қаскөй қызды аңдып, жылу трассасына жеткен кезде оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорлап өлтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті З.В.Палтуев сол күні ұсталды», - деді Ержанова.


Жаңалықтармен бөлісу: