Ғани НЫҒЫМЕТОВ: «БОЛАШАҚТЫҚТАР» ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛҒАНДА ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТПЕУI КЕРЕК

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ - Ақмарал Сыздықова. Бүгін «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумда 10 мыңыншы степендиаттың есімі  аталады. ҚазТАГ-тың «Болашақ» бойынша оқып келгендердің бұрынғысынша неге тек бірең-сараңы ғана техникалық мамандықтар бойынша ғалым болып оралатындығы, стипендиаттарды тіл бойынша дайындауға бөлінетін қаржыны қысқарту жоспарланбай ма және жалпы бағдарламаны жабатын уақыт келген жоқ па деген сұрақтарына ҚР Білім және ғылым министрілігі (БҒМ) жанындағы  «Болашақ» халықаралық бағдарламасы  орталығының президенті Ғани Нығыметов жауап берді.

 

- Оқудан кейін Қазақстанға оралған «Болашақтықтардың»  тап болатын мәдени есеңгіруді  жеңілдету мүмкіндігін қарастыру керек пе? Олар өзге елге емес, өз отанына оралуда ғой, сонда мәселе неде? 

 

- Басында берілетін нұсқаулықта (стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тапсыру барысында - КазТАГ) ол қарастырылған. Көптеген батыстық жоғары оқу орындары бұл жөнінде өте жақсы айтады және біздің студенттер де ол туралы біледі. Иә, олар басқа елге барғанда және ол жақтан кеткенде  мәдени есеңгіреу болады. 

Бірақ біздің жастарымыздың көзі ашық. Біз үшінші әлембіз, ал Батыстағы өмір мүлде басқа деп айтуға болмас. Адамдар жаңалықтан кенде қалған жоқ. Әдептілік жөнінде нюанстар бар әрине. Мысалы шетелде автобус ішінде біреуге соғып кетсе, күлімсіреп, кешірім сұрайды. Махатма Ганди айналаңдағылардың өзгергенін қаласаң, сол өзгерісті әуелі өзіңнен баста деген. Демек айналаңдағылардың әдепті болғанын қаласаң, әуелі өзің әдепті бол. 

 

- Ал үлкен үміт күту проблемасы бар ма? 

 

- Бар. мұндай проблема оқу бітіргеннен кейін елге оралған тәжірибесі жоқ жастар арасында бар. Олар елге келгеннен кейін бірден жалақысы жоғары жұмыс аламыз деп ойлайды. Бірақ оларға түсіндіру керек. Месседж болу керек.

 

- Сіз оны қалай тұжырымдар едіңіз?

 

- Ел, біздің азаматтар - олар сенің - «Болашақ» стипендиясындағы оқуыңды төледі. Солардың есебінен сен сапалы білім алдың. Екінің бірінде болмаған мүмкіндікке ие болдың. Сен мемлекеттен, президенттен саған болған тағдыр сыйлығына риза болуың керек. Сенде жауапкершілік бар. Сен сол өзіңе жүктелген  сенімді ақтау керектігін түсінуің керек. Барлығы «Болашақ» стипендиясының түлегі ел дамуына өз үлесін қосады деп күтіп отыр.    

 

- Бәрі күтіп отыр, десек те «Болашақ» бағдарламасын осымен жабу керек деген әңгімелер жүріп жатыр. Сіз қалай ойлайсыз, осы 20 жыл ішінде алдына қойған мақсатына жетті деп айтатын кез келген жоқ па? 

 

- Бұл президенттік бағдарлама. Мемлекет басшысы қалай шешсе, солай болады. Бізде соған сай дегендердің көбін оқытуға мүмкіндік бар. Неге мемлекет  есебінен адами әлеуетті  дайындамасқа? Мен бізде кадрлар жеткілікті деп ойламаймын.

Мамандар барлық жерде де керек. Өзіміз кенжелеп келе жатқан салалар үшін оларды ел ішіндегі сияқты, шетелдерде де дайындау керек. Бағдарламаның әлеуеті әлі таусылған жоқ. Оған қанша өмір сүру бұйырған болса, сонша өмір сүрсін.  Бізде шетелде оқығысы келетін ауыл жастары көп.  Біз олардың жолын кеспеуіміз керек. 

 

- Бағдарламаның 20 жылдығына сіз қандай қорытынды жасар едіңіз? 

 

- 10 мың адам стипендия алды. Бұл аз емес.  Басында («Болашақ»  бағдарламасының жүзеге асырылуының- ҚазТАГ) 50-60 адам кетті, ал қазір біздің қатарымызда  Қазақстанда жұмыс жасап жатқан 6 мың адамымыз бар. Көптеген шетелдерде 500 адамның өзі революция жасап жатыр. Мен бұл армия үлкен өзгеріс әкеледі демеймін, алайда олар - жақсы жаққа қарай революция жасай алатын  адамдар   тобы. Және де «Қазақстан -2050» стратегиясының жүзеге асырылуы сол жарқын революцияның көрінісі болуы мүмкін.   

 

- Сондай-ақ, 10 мыңның тек жүзден астамы ғана техникалық мамандықтар бойынша ғалым болуда немесе жоспарлауда.  «Болашақ» бойынша дайындалған ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі немен байланысты? 

 

- 6 мың адамның   (оқуды аяқтаған - ҚазТАГ) шамамен 3%-ның ғана техникалық мамандықтар бойынша  PhD -і бар. Біз әр ЖОО-мен докторанттар тобын анықтаймыз.   Біздің бірінші көздеп отырғанымыз - Nazarbayev University. Ол жерде 150 мыңнан астам ғалымдар жұмыс жасауда.  Олар - болашақ  PhD мамандар. Америкада шамамен   17 зертхана бар.  Ортақ бағдарлама жасаймыз, соның  нәтижесінде біздің және америкалық университеттің біріккен PhD дипломын беретін болады.   

 

-   Nazarbayev University жеткізудің монополиясына айналмай ма?

 

- Біз барлық ірі ұлттық жоғары оқу орындарымен жұмыс жасаймыз. Бірақ бұл жұмысты кең ауқымда жүргізу керек, доктарантураны кеңінен насихаттау керек. Себебі бұл бағдарлама үшін кемінде 4 жыл оқып, тынымсыз еңбек ету керек. Мұндай ғылыми жұмысқа кез келген осынша уақытын жібере алмайды.   

Батыста болашақта сабақ бергісі келетін, ғылыммен айналысқысы келетіндер ғана оқиды. Ал қарапайым халыққа   PhD - дің қажеті жоқ. Оларға - магистратура да жеткілікті.

Қазір қазақстандық ғалымдардың үштен бірі ғана 35-40 жас аралығындағы жастар. Ғылымды жасарту керек. Ғалымдар статусын көтеру, жастарды ғылымға тарту қажет.  Ғылымсыз инновация жоқ. Біз қазір тек технология трансферті, кішкентай ғана инновациялар туралы айта аламыз. Дамыған елдерде бар ғылыми әлеует бізде болмайынша үлкен инновациялар туралы айту қиын. 

 

- Сіз 1-3 курс студенттерін АҚШ-та ғылыми тәжірибеден  өткізуге жіберу туралы не ойлайсыз, бұл олардың PhD  бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін арттырып, ынталандырады ғой. Осындай ұсынысты қалай қабылдар едіңіз?

 

- Мен орталықты басқарып келе жатқан кезде мұндай ұсыныс түскен жоқ. Қазір мен техникалық мамандықтар бойынша болашақ докторанттар санын арттыру туралы кез келген ұысынысты қарастыруға дайынмын. Сонымен қатар, бізде 2008 жылдан бастап машықтанудан өту бар (3 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін-ҚазТАГ). Біз оларды бағасы бойынша жүйелеуіміз керек.  Қазір олардың бағасы қымбат. Біз сапалы машықтарды ойластырып, анықтауымыз керек. Ғылымды қаржыландырумен проблема жоқ. Соңғы 2 жылда ол екі есеге өсті. Мемлекет тарапынан ешқандай кедергі көріп отырған жоқпын. Сапалы ғылыми жобалар қажет.     

 

-Айтыңызшы, неге «Болашақ» оқуға заңгерлерді жібереді? Оларды бөлек заңгерлік жүйеге оқытады емес пе?  Жалпы алғанда Қазақстанда сұраныс жоқ мамандықтарды таңдаған үміткерлерді іріктеу қалай ұйымдастырылған?

 

- Мүмкін, ондай оқиғалар шын мәнісінде болған. Бірақ қазір ерекше назар заңгерлерге емес, техникалық мамандықтарға аударылады. Мен білетін заңгерлер халықаралық құқық мамандықтарына оқыды, ал ол құқық барлық жерде қолданыла береді. Ірі халықаралық келісімдер, келісімшарттар, барлығы да заңгерлік тұрғыдан рәсімделуді талап етеді.

 

- Қазақстанда қолданыста жоқ станок, реакторлар мен жабдықтардың мамандарын не істеуге болады?

 

- Қазақстан әлемде бар жабдықтарды сатып ала алады деп есептеймін. Бізде 10-шақты ұлттық зертханалар бар. Олар ең заманауи жабдықтармен жабдықталу үшін құрылған. Жергілікті мамандар тілін білмейтін қаншама жабдықтар сатып алынуда. Олардың арасында стипендиаттар оқу кезінде көргендері бар. Олар осында келгенде ол жабдықтарды таниды. Жабдықтарды сатып алуға сұранымдардың көбін сол шетелде жүргенде өздері көрген және жұмысына сенген  «болашақтықтар» жасады.

 

- Стипендиаттардың тіл дайындығы қаншалықты жақсы? Шет тілін оқытуға өзіміздің елдегі мұғалімдерді неге тартпасқа, сонда Лондонда ағылшын тілін оқытуға кеткен шығын үнемделер еді.   

 

- Негізінен техникалық мамандықтардың тіл білімі нашар. Инженерлер, медиктер базалық білім деңгейіне қарай 18 ай тіл дайындығынан өтеді. Тіл курстары жылына $15 мың тұрады және ең қымбат. Қазір 300-дей адам тіл үйреніп жатыр.

Тіл дайындығын Қазақстанда оқыту мәселесі қолданыстағы ережеде қарастырылмаған, бірақ біз орталық ретінде ондай бастаманы көтеруге болады. Біз орталық құрып, шет тілінің мұғалімдері - сол шетелдік азаматтардан тұратын пул құруды ұсынамыз. Жергілікті мамандардың да арасында TESOL сертификаты бар күшті мұғалімдер бар. Осы форум өткен соң біз өзімізге келіп, жоспарды анықтап, осы мәселені де көтереміз.

 

- Сұхбатыңызға рахмет. 


adimage