Антибиотиктер жиі қолданылуынан тиімсіз болып қалды, деп есептейді қазақстандық сарапшы

Күні: 11:11, 29-10-2014.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Антибиотиктер онша қажет болмаса да жиі қолданылуынан тиімсіз болып қалды, деп есептейді ҚР-дағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.
«Антибиотиктер дәуірі аяқталды. Біз іш өту, пневмония сынды бірқатар елеулі инфекциялық сырқаттарға қарсы антибиотиктер әсер етпейтін жағдайға душар болып отырмыз, себебі оларды біз онша қажет болмаса да жиі қолданғанбыз», - деді В. Локшин сәрсенбі күні «Адам және дәрі  - Қазақстан» атты VII конгрессте.
Бұл ретте, ҚР ҰҒА академигі  Раиса Күзденбаеваның айтуынша, фармацевтиканың келешегі – ол биологиялық негіздегі дәрілерде.
«Қазір антибиотиктер дәуірі күман тудырады, себебі олардың жаңа түрлері синтезделмей жатыр, ал негізгі күш-қуат генндік инженерия арқылы алынған биологиялық сипаттағы инновациялық препараттар жасауға салынуда. Биологиялық негіздегі перпараттарды пайдалану – ол бүгінгі және ертеңгі күн препараттары», - деді ол.
Бұл ретте Р. Күзденбаева генндік инженерия арқылы алынған дәрілер тиімді болғанымен қауіпсіз емес екенін, оны өте байыппен қолдану керектігін ескертті.
Бүгінге Қазақстанда әр түрлі препараттардың 10 мыңдай түрі тіркелген.


Жаңалықтармен бөлісу: