«Антикор» Батыс- Қазақстан медицина университетінің ректорының ұсталғаның растады

   Ақтөбе. 30 мамыр. ҚазТАГ- «Антикор» жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевтің ұсталғаның растады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
  «Сотқа дейінгі тергеу аясында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталды»,- деп мәлімдеді «антикор» ҚазТАГ агенттігіне.
   Әлеуметтік желілерде Әсет Қалиевтің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны және бір күн бұрын оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage