АПК жобасының соттағы өкілдік институты туралы нормасы адвокат қызметінің қымбаттауына әкеліп соғады, деп санайды заңгерлер

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. ҚР Азаматтық-процессуалды кодексінің соттағы өкілдік институты туралы жоба нормасы адвокат қызметінің қымбаттауына әкеліп соғады, деп санайды құқық қорғаушы Сергей Уткин.
«Менің сезуімше, адвокаттық лицензиясыз заңгерлер адвокаттарға қарағанда сотта азаматтардың мүдделерін жиі қорғайды. Норма енісімен заңгерлік қызмет нарығының 2/3 босап қалады, адвокаттар монополиясы орнап, олардың бағасы өседі, бұл нарықтың шынайы заңы», - деді С. Уткин сәрсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Өз кезегінде Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі Фарида Ысмайылова аталған шектеу азаматтардың білікті заңгерлік жәрдемге деген құқығына шек қояды деп топшылайды.
«Конституция, әлбетте, білікті заңгерлік жәрдемге кепілдік береді, бірақ онда оның тегін болуға тиіс екендігі айтылмайды. Заң бойынша ол әлеуметтік осал қабат өкілдеріне қарастырылған, алайда тәжірибеде сақталмайды. Ал егер қазір тағы құқық қорғаушыларды жәрдем көрсету мүмкіндігінен шектейтін болса, ол азаматтар мүлде қорғансыз қалады», - деді ол.
Оның ойынша, сотта жеңіл мәселелер бойынша бір жақтың мүддесін таныстыру кез келген білімді адамның қолынан келеді.
«Қисынға салып ойлауға қабілетті адамға қуыным арызын сауатты толтырып жазу (олардың типтік формалары ғаламторда да, сот ғимараттарындағы қабырғаларда да бар), істің перспективасын есептеу (заңнамада бәрі жазылған, түсіндірмелер жетерлік) қиынға соқпайды. Сондықтан бай емес қазақстандықтардың бұл мәселелерде туыстары мен таныстарына жүгінуі толығымен ақталған. Және айырмасы – сіз адвокатқа тіпті кеңестемесі үшін де біршама сома беретіндігіңізде», - деп атап өтті Ф. Ысмайылова.
ҚР Жоғарғы сот (ЖС) сайтында жарияланған АПК жобасының 56-бабында бірінші инстанциялы сотта тараптардың мүдделерін басқалардың арасында «жоғары заңгерлік білімі бар, іске қатысушы тұлғалардың өтінішімен сот тарапынан жол берілген тұлғалар», ал апелляциялық және кассациялық инстанция соттарында тек адвокаттар қорғай алатындағы айтылған.
Жаңа АПК жобасын ҚР ЖС 2014 жылдың басында жасап шығарды, қараша айында ол үкіметтің қарауына шығарылуы тиіс, бір айдан кейін – парламентке.

adimage