Қапшағайда қаза тапқан слесарьлардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады

Талдықорған. 29 тамыз. ҚазТАГ – Қапшағайда қаза тапқан слесарьлардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Эдуард Тюменбаевтың әйелі мен қызына, Бауыржан Алихановтың үш қызы мен әйеліне, Талғат Ахметовтың қызы мен әйеліне «Қапшағай су арнасы» МКК басшылығы қажетті көмекті көрсетеді, сондай-ақ олардың жерлеу рәсімін өткізуге көмек беріледі», - деп хабарлады Қапшағай әкімінің баспасөз хатшысы Ардақ Қасымханова.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтаумен мамандар, Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі мен медициналық қызметкерлер айналысуда.  
Еске салсақ, Қапшағайда үш слесарь құдықты тазалау кезінде көз жұмды.  


adimage