Қапшағайда батарея өндірісі зауыты салынады

Күні: 14:33, 11-02-2019.

Талдықорған. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қапшағайда құны Т5 млрд болатын химиялық ток көзі өндірісі зауыты салынады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қапшағайда жақын болашақта жүзеге асыру жоспарланған ірі инвестициялық жобалар қатарында – «АГНАТ» ЖШС химиялық ток көздерін (батарея) өндіретін зауыт құрылысы. Инвестицияның жалпы сомасы Т5 млрд. құрайды. Осыншалықты ірі нысанды ашу шамамен 50-дей отандасымыздың жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Қапшағай әкімі Талғат Қайнарбеков.
Хабарда атап өтілгендей, кәсіпорынды 2020 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.


Жаңалықтармен бөлісу: