Қарағанды-Майқұдық тас жолында үш маршруттық автобустың қатысуымен ЖКО орын алды: зардап шегушілер бар

Күні: 19:17, 10-04-2019.

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ - Қарағанды-Майқұдық тас жолында үш маршруттық автобустың қатысуымен ЖКО орын алды: зардап шегушілер бар, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«10 сәуірде сағат 14:25-те полицияға Қарағанды-Майқұдық тас жолында маршруттық автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасының орын алғаны хабарланды. Алдын-ала нұсқа бойынша, 61 жасар №56 маршруттық автобустың жүргізушісі көлік рөлін басқара алмай жолай келе жатқан №40 автобусқа соққан, сосын артында келе жатқан екінші № 56 маршруттық автобус бірініш №56 автобусқа соққан», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ЖКО нәтижесінде полиция ақпарынша, қазіргі таңда ауруханаға №56 бірінші автобустың 6 жолаушысы жеткізілген.
«Полицейлер аталмыш ЖКО мән-жайын анықтауда, соның нәтижесі бойынша кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылатын болады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: