Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ - Қарағанды облысы Бақты орман шаруашылығындағы өртті сөндіруге үшінші тік ұшақ жұмылдырылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Бақты орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда. Жұмыстар күні-түні жүргізілуде. ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған. Өртті сөндіруге жалпы жетекшілікті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев жүзеге асыруда. ТЖ жоюға барлығы 370 адам мен 60 бірлік техника жұмылдырылған. Су бүрку құрылғысы бар үш тік ұшақ ауадан өртті сөндіруде», - деп хабарлады жұма күні Қарағанды облысы баспасөз қызметінен.
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» нақтыланған ақпары бойынша, өрттің жалпы алаңы 3,7 мың га. құрайды, оның ішінде орман аумағының алаңы 1,9 мың га.
«Таулы жерге шығудың қиындығы тілсіз жауды сөндіруді қиындатып отыр. Қолданылған шаралардың нәтижесінде өрттің қарқынды түрде таралуының алды алынды», - деді облыстық ТЖД-нен.
Еске салсақ, 13 тамызда хабарлағандай, 12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен. Өрт шыққан аумақта «Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен әуеден шолып шықты. Бастапқы болжам бойынша, өрт 70 гектар орман алқабын шарпыған.
14 тамызда Қарағанды облысы Бақты орман шаруашылығындағы өрттің екінші тәулік сөндіріліп жатқаны хабарланған еді. Қарағанды облысы ТЖД ақпарынша, орман өртінің жалпы алаңы 2,5 мың га құраған. 15 тамызда өрттің жалпы алаңы болжам бойынша 2870 га ұлғайған, оның ішінде орман алқабының аумағы 1320 га.
15 тамызда Қарқаралы ауданында дала өртінің 2 жағдайы тіркеліп отырғаны жеткізілді. Ынталы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта 49 гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Екінші өрт Едрей ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым қашықтықта шыққан. Сондай-ақ, Қарағанды облысы ТЖД ақпарынша, Шет, Ақтоғай және Нұра аудандарында да дала өрті тұтанған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08