Қарағанды облысы білім бөлімінің есепшісі көмір жеткізушіден Т1,5 млн бопсалаған

Күні: 11:56, 27-09-2018.

Қарағанды. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қарағанды аудандық білім бөлімі» меммекемесінің есепшісі мердігер фирма өкілінен Т1 млн 500 мың бопсалаған, кері жағдайда аудан мектептеріне көмір жеткізгені үшін төлемді аудармайтынын айтқан, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Оқушылар қыста тоңбау үшін мердігер көмірді шартта көрсетілген уақытында әкелуге асыққан. Ал енді құрылыс мердігер компаниясының басшысы шот-фактура мен жөнелтпе құжатты көрсетіп, тиесілі қаржыны бюджеттен аударуын сұрағанда есепші одан ақшаны жылдамдатып аудару үшін Т1,5 млн талап еткен», - деп түсіндірді Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы   Денис Шакенов.
Хабарда атап өтілгендей, есепші мердігерге пара бермесе, мемсатып алу туралы шартты бұза алатынын жеткізген. Мердігер өз келісімін берген, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық бюросының департаментіне хабарласқан.  
Тараптар тағы да кездескен. Мердігер есепшіге Т500 мың берген. Сол кезде есепшіні ұлттық бюро департаменінің қызметкерлері ұстап алған.  .
Қарағандының №1 Қазыбек аудандық сотының судьясы Алия Жошева білім бөлімінің қызметкерін 2 жыл 7 ай және 15 күнге шартты түрде бас бостандығынан айырды.  


Жаңалықтармен бөлісу: