Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Күні: 14:07, 17-01-2019.

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайтынан.
«Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған 36 жасар Асхат Аймағамбетов тағайындалды», - делінген хабарда.
Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді.
«2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім бақсармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: