Қарағанды облысы Солтүстік Қатпар кенорнындағы қор 90 мың тоннадан астамды құрайды

Күні: 18:49, 30-10-2018.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Қарағанды облысы Солтүстік Қатпар кенорнындағы қор 90 мың тонна вольфрам мен 13 мың тонна молибденді құрайды, деп хабарлады «Тау-Кен Самұрық ҰТКК» АҚ баспасөз қызметінен.    
«Бұрғылау жұмыстары Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орнында вольфрам мен молибден қоры бар екенін растады. Зерттеулер руданың тару тарихи шекарасы нақты шекаралармен көп жағдайда сай келетінін көрсеткен. Зерттеу жұмыстары отандық және шет елдік мамандардың қатысуымен өткізілген. Вольфрам қоры шамамен 90 мың тоннаны, ал молибден – 13 мың тоннаны құрайды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабада айтылғандай, Қазақстан вольфрам саласын қайта жандандыруды көздеп отыр. Республикада 10-нан астам вольфрамдық кен орындарда барлау жұмыстары жасалған. Олардың ішінде анағұрлым ірі және әлеуеттілері Қарағанды облысы Шет ауданындағы Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар болып табылады. Алдын-ала мәліметтерге сай, олардың жалпы қоры 1 млн тоннадан асады.
Жоғарғы Қайрақты кен орнындағы геологиялық барлау жұмыстарын 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Олардың нәтижелері бойынша металлдың қоры бекітіледі.
Еске салсақ, 20 маусымда Қазақстанның вольфрам саласын қайта жандандыруға ниетті екені хабарланған еді.
«Қазақстанда сирек кездесетін әрі сұранысқа ие металл – вольфрам қоры бар екені расталды. Республикада вольфрам саласының қалыптасуы өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары басталған. Алайда вольфрамды өндірумен байланысты жобаларды жүзеге асыру бірқатар объективті экономикалық және саяси себептер салдарынан 1993 жылы тоқтап қалған», - делінген «Тау-Кен Самұрық ҰТКК» АҚ хабарында.  
Қазақстанда шамамен 12 вольфрам кенорны бар, олардың жалпы қоры 2 млн тоннадан астам вольфрам триоксиді   (Rеңес одағы жылдары алынған тарихи мәліметтер).  Барынша ірі және болашағы барлары    – Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар (Қарағанды облысы).  
Солтүстік  Қатпар қоры бойынша орташа болып табылады, ал Жоғары Қайрақтыны мамандар керемет деп атайды – ол әлемдегі ірі вольфрам кен орны үштігіне кіреді.  Жоғары Қайрақтыдағы вольфрам қоры туралы тарихи мәдліметтер  (1 млн 213 мың тонна вольфрам және 343,5 мың тонна молибден) 2019 жылы геологиялық барлық жұмыстары аяқталғасын расталады деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: